Skip to content

Психолог кабинеті

«Әрбір бұлтты күннен кейін, міндетті түрде күн шығады!»  

Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар және сайт қонақтары! 

            Сіздерге Ф.Оңғарсынова атындағы жалпы орта мектебінің психологиялық қызметі өз мүмкіндіктерін ұсынады! 

Психологиялық қызмет жұмысының  негізгі мақсаттары: 

Әрбір оқушының жеке тұлғалық дамуы үшін жағымды психологиялық -педагогикалық жағдайларды қамтамасыз ету;Мектептің барлық білім беру үдерісіне қатысушыларға кешенді әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсету. 

            Жұмыс қорында көптеген төмендегідей жұмыс әдістері бар: тренингтер, семинарлар, әңгімелесулер, дәрістер, жеке  жә не топтық психологиялық кеңес берулер.

            Біздің сайтта сіздер психологқа сұрақтар қойып, білікті жауап ала аласыздар. Сұрақтарыңызды  ongarsynova@mail.kz  мекенжайы бойынша электронды поштаға жібере аласыздар.  

Сіздердің барлық сұрақтарыңызға педагог-психолог Сатыбаева Ботагөз  Өмірбекқызы жауап береді.

Сатыбаева Ботагөз  Өмірбекқызы педагог-психолог

Сенім телефоны 

Әр аптаның бейсенбі күндері сағат 9:00-ден 10:00 аралығында «6-15-18» нөмірлі  мектептің сенім телефоны арқылы өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларға анонимді түрде құқықтық, психологиялық және консультативтік қызметі көрсетіледі. 

Зорлық-зомбылық және қатыгез фактілері (тұрмыстық зорлық-зомбылық, еңбектік және т.б.) анықталған жағдайларда «2-09-42» аудандық сенім телефонына  хабарласуға болады.