Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы Ф.Оңғарсынова атындағы жалпы орта мектебінде аталып өтті!
Наурыз – табиғаттың жаңаруымен қатар, халықтың бірлігін арттырып, ынтымақ пен берекені дәріптейтін ұлы мейрам. Осыған орай, мектебімізде «Қош келдің, әз-Наурыз!» атты ұлттық мерекелік шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Шара барысында қазақтың салт-дәстүрлері дәріптеліп, ұлттық құндылықтар жаңғырды. Әсіресе, жас сәбидің тұсауы кесіліп, тұсаукесер рәсімі өтті. Бұл – өмірге қадам басқан сәбиге ақ жол тілейтін ерекше сәт болды.
Мерекелік думанда қазақтың ұлттық әндері шырқалып, мың бұралған бишілер қазақ биін орындады.
Мереке аясында жобалық жұмыстар қорытындыланып, бірлестіктердің еңбегі еленіп, арнайы марапаттар табысталды. Бұл – ұстаздар қауымының білім саласына қосқан үлесінің зор бағаланғанының дәлелі болды.
Наурыз – барша халықты бірлік пен татулыққа үндейтін мейрам. Осы күннің шуағы әр отбасыға молшылық пен береке әкелсін! Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
#біртұтас_тәрбие
#Наурыз2025
#ҰлыстыңҰлыКүні
#СалтДәстүр