Skip to content

2025 жылы 16 қаңтар күні «Отбасы – тәрбие басы, мектеп…

2025 жылы 16 қаңтар күні «Отбасы – тәрбие басы, мектеп – тәрбие жаршысы» тақырыбында жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы болып өтті.
Күн тәртібіндегі мәселелер:
1.«Мейірімге толы мектеп» жобасы аясында белсенді қатысқан ата-аналарды марапаттау
2.Оқу-тәрбие бағыты бойынша І жарты жылдық қорытынды хабарлама (Абдигалиева Ж, Хасанова Д)
3. “Бала тәрбиесіндегі біздің қателіктеріміз” тренинг
4.Ағымдағы мәселелер
Мектеп психологы Б.Сатыбаева ата-аналардың көңіл күйін көтеру мақсатында тренинг өткізді. 1 жарты жылдық қорытындысы бойынша білім сапасын, сыныптар бойынша озаттар санын, оқушылардың әлеуметтік жағдайын баяндап,сонымен қатар мектеп оқушыларының аудандық олимпиадалар мен қашықтық олимпиадалардан, тәрбие бағыты бойынша әртүрлі аудандық байқаулардан орын алған оқушылардың жетістіктеріне, мектепте өткізілген шараларға нақты толықтай тоқталып өтілді. Мектепте өткізілген шараларға нақты толықтай тоқталып өтті.
“Бала тәрбиесіндегі біздің қателіктеріміз” тақырыбында тренинг өткізілді. Тренинг барысында ата-аналарға өз балаларын неге, кімге теңейтіндіктері, бала тәрбиесінде қандай қателіктеріміз бар екендіктері жөнінде тапсырмалар берілді. Ата-аналар белсенді қатысып, өз ой пікірлерін еркін білдірді.
Мектептің әлеуметтік педагогы А.Утебаева ыстық тамақпен қамтылатын бастауыш сынып оқушылары мен әлеуметтік осал топ санатындағы білімалушылар “Алақан” мектеп базасына енгілгендігі жөнінде ата-аналарға түсіндіріп өтті. Алға қарай да күнделікті баланың қандай тамақ ішкендігі жөнінде біліп, хабардар болып отыратындығы жөнінде айтты.
МДТЖО Н.Гайсина ата-аналарға “Ата-ана бақылауы” қосымшасы жөнінде түсінік берді және барлық ата-аналар балаларының қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында осы қосымшаны жүктеп, тіркеліп, осы қосымша арқылы балаларын үнемі бақылауда ұстайтындығы жөнінде мағлұмат берді.
#біртұтас_тәрбие
#kurm_біртұтас_тәрбие

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *