Мектепішілік "Патриот" дебат клубының мүшелерімен 8 сыныптар арасында пікірсайыс болып өтті. Мақсаты: дебатшыларды еркін сөйлеуге, аудиторияны бағындыруға, ойларын тиянақты жеткізіп, аргументтермен дәлелдеуге баулу.
Қарарлар: БП Балалар ата-аналарына қарыз ба?
БП Әлеуметтік желі психикалық денсаулыққа зиян келтіре ме?
Ойын барысында бала мен ата-ана арасындағы міндеттерге тоқталып, отбасылық құндылықтар ашық айтылды. Спикерлер ереже негізінде аргументтер мен шынайы фактілер келтіріп өз ойларын ортаға салды.
#біртұтас_тәрбие
#kurm_біртұтас_тәрбие
#kurm_дебат_2025
