Ф.Оңғарсынова атындағы жалпы орта мектебінде оқу-әдістемелік жоспарға сәйкес Математика,физика және информатика пәні бірлестігінің ұйымдастыруымен «Digital mektep» жобасы жүзеге асырылды. Жобаның мақсаты: Мұғалімдер мен оқушыларға заманауи цифрлық құралдарды қолдана отырып, жасанды интеллектті тиімді пайдалану дағдыларын қалыптастыру. Сайт құру арқылы оқушылар интернет ресурстарын дұрыс пайдаланып, ақпаратты іздеу, сараптау және оны қолдану дағдыларын меңгерту. Жоба барысында оқушылар арасында жарыстар ұйымдастырып, “Үздік Логотип”, “ Үздік мобилограф” мамандары анықталды. Оқушылармен бірлесіп платформаны таңдап, мектеп сайтын құрып, оны ақпараттар мен ресурстармен толықтыру жұмыстары жүргізілді.
Қорытынды шарада оқушылар жасаған жобаларын қорғап, марапатталды.
