Ф.Оңғарсынова атындағы жалпы орта мектебінде оқу-әдістемелік жоспарға сәйкес көркем еңбек пәні бірлестігінің ұйымдастыруымен «Handmade Stars» жобасы жүзеге асырылды. Жобаның мақсаты: Киіз басуды жаңғырту арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу, жүннен жасалатын бұйымдармен таныстыру.
Жаңа технологияларды басшылыққа ала отырып, халық қолөнерінің үлкен ықпалы мен пайдасы және қолөнерінің сыры мен ерекшеліктері туралы мағлұмат беру, жасау технологиясын үйрету. Жоба барысында жоспарға сәйкес оқушылар қолөнер жұмыстарын қызығушылықпен орындап, жүннен картина жасау арқылы түстер үйлесімділігін және орындау техникасын меңгерді. Қорытынды шарада оқушылар жобаларын қорғап, марапатталды.
