Ф.Оңғарсынова атындағы жалпы орта мектебінде оқу-әдістемелік жоспарға сәйкес Химия,биология және география пән бірлестігінің ұйымдастыруымен “Green campus” жасыл мектеп жобасы аясында жұмыстар жүргізілді. Оқушылардың табиғатқа құндылық көзқарасын қалыптастыру, экологиялық білім деңгейін арттыру, оқушылардың қоршаған ортаны қорғау, өскелең ұрпақты табиғатқа жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған жобалық жұмыс өз нәтижесін көрсетті. Жоба аясында сенбіліктер ұйымдастырып, ағаш отырғызу және оны баптау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар танымдық шаралар, сурет байқаулары және дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды. Жобалық жұмысқа оқушылар белсенді қатысып, қызығушылық танытты. Жобаның қорытынды шарасында белсенді қатысқан оқушылар марапатталды. Алға қарай да жобалық жұмыс жалғасын табады.
Ф.Оңғарсынова атындағы жалпы орта мектебінде оқу-әдістемелік жоспарға сәйкес Химия,биология және…
