Ф.Оңғарсынова атындағы жалпы орта мектебінде Қазақ тілі мен әдебиет пән бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жырлайды жүрек» жобасы аясында поэзияға, өлеңге ,өнерге жаны құштар шәкірттердің жыр оқу мақамдарын қалыптастыруда 5-7-сыныптар арасында «Қадыр оқулары» мәнерлеп оқу сайысы болып өтті. «Поэтикалық дуэль» түрінде өткізілген байқауға оқушылар ақынның өлеңдері мен ақын сөзіне жазылған әндерді орындап,бақ сынады.Байқау соңында қазақтың нағыз патриоттық, рухтық әнұранына айналған «Атамекен» әнін орындады. «Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар» дегендей, белсенділік танытқан оқушылар, жеңімпаздар жоба аясында марапатталады.
