Skip to content

Ф.Оңғарсынова атындағы жалпы орта мектебі бойынша *2-7 сыныптар арасында «Зерде»…

Ф.Оңғарсынова атындағы жалпы орта мектебі бойынша *2-7 сыныптар арасында «Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсының* мектепішілік кезеңі өтті. *Конкурстың негізгі мақсаты* балалардың зерттеу кызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады. *Конкурстың негізгі міндеттері:* -зерттеу жұмыстарына қызығушылық танытқан қабілетті және дарынды оқушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету;
-оқушылардың үздік жетістіктерін көрсету және насихаттау, өзара қарымқатынастарын ұйымдастыру;
-қоғамның интелектуалдық әлеуетін дамыту проблемасына көпшіліктің назарын аудару.
*Конкурсқа қатысушылар*
1.Конкурсқа жас зерттеушілер 2-7 сынып оқушылары жеке сондай-ақ, командалық құрамда (2 қатысушыдан аспайтын) қатыса алады. Жоба жұмысына 9 оқушы өз жұмысын қорғауға ниет білдірдірген болатын. Олар 2 сынып оқушылары Ерсайнова Жансая,Бисенбай Амирхан,жетекшісі-Гулжанат Лұқпанқызы,3 сынып оқушысы Сағынғали Сұлтан,жетекшісі Мөлдір Меңдіханқызы,4 сынып оқушылары Хайырлы Азат,жетекшісі Асел Жанарбекқызы,Таупихова Хамдила,жетекшісі Айнагүл Мұқанқызы,5 сынып оқушылары Кайржанова Луиза,жетекшісі Торғын Мерекеқызы,Амиргали Усман жетекшісі Гулдана Мақсотқызы,6 сынып оқушысы Ерболатова Жанару, жетекшісі Русланбек Жексенбайұлы,7 сынып оқушылары Нурибекқызы Мөлдір жетекшісі Данагүл Болатбекқызы, Мұзафар Айзере жетекшісі Нурия Теміржанқызы.Барлық жобаға қатысушы оқушыларға аудандық кезеңге әртүрлі секция жұмысы бойынша жолдама берілді. Құттықтаймыз💐💐💐
#сапалы_білім

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *