Педагогтердің кәсіби қызметінде жоғары нәтижеге жетуге ұмтылысы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру және оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауына, нәтижеге жетуіне бағыт-бағдар беру мақсатында Ф.Оңғарсынова атындағы жалпы орта мектебінде оқу – әдістемелік жұмыс жоспарына сай қазан айынан бастап пән бірлестіктерінің "Мектепішілік жобаларды жүзеге асыру" командалық жұмыстары басталды. "Жырлайды жүрек" жобасын қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігі, "Green campus" жобасын химия, биология, география пән бірлестігі, "Digital mektep" жобасын математика, информатика, физика пән бірлестігі, "Спешите делать добрые дела" жобасын орыс тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі, "Handmade Stars" жобасын көркем еңбек, музыка пән бірлестіктері жүзеге асырады. Жобаның ашылуын жоғары деңгейде ұйымдастырған пән бірлестіктеріне рақмет! Алдағы жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз!💐
#сапалы_білім
