Отбасымен кітап оқу дәстүрін қайта жаңғырту, балалардың жан-дүниесінде рухани ізгілік пен кітап оқуға деген қызығушылықты ояту, отбасы мүшелерінің кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында аудандық «Үздік оқырман отбасы» байқауы ұйымдастырылды. Осы байқауға мектептің 3-сынып оқушысы Русланбекқызы Кәусар отбасымен қатысты.
Қазылар алқасының қорытындысы бойынша "Үздік оқырман отбасы" байқауында жүлделі 1 орынмен марапатталып, облыстық байқауға жолдама алды. Облыстық кезеңге сәттілік тілейміз.
#kurm_otbasy2024
#біртұтас_тәрбие
#kurm_біртұтас_тәрбие
