📢АТА -АНАЛАР НАЗАРЫНА 📢
🔻Қазір суға түсу маусымының нағыз қызған шағы. Ыстықта әсіресе ойын балаларының көл жағалап, торауылдайтыны рас. Алайда, жыл сайын соның салдарынан адам қазасы орын алып жататыны жанымызға батады.
🔻Адамдардың суда қауіпсіздік ережелері мен шараларын сақтамауы, жас балалардың суға шомыла білмеуі, мас күйінде суға шомылу орны толмас қайғы мен өкінішке айналып жатады.
🔻Суға шомылу маусымы кезінде су нысандарында қайғылы жағдайды болдырмау мақсатында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын естен шығармауға керек.
🛑Балалардың судағы қауіпсіздігі туралы ата-аналар нені білуі керек?
🏊суға тамақтанғаннан кейін біржарым сағаттан соң шомылуға болады;
🏊егер судың температурасы +16 °С төмен болса, суға түсуге болмайды, себебі судың суықтығынан аяқ-қолдың тырысуы немесе естен айырылу жағдайлары болуы мүмкін;
🏊су температурасы +17 °С-ден +19 °С-ге дейін және ауаның температурасы +25 °С болған жағдайда, суда 10-15 минуттан артық шомылуға болмайды;
🏊суға тек қана суға түсуге арналған қауіпсіз, арнайы жабдықталған жерлерде түсу керек. Егер сіз жабайы табиғи жерлерде шомылуды шешсеңіз, суы таза, тереңдігі 2 м аспайтын, судың түбі қиыршық тасты немесе құмды жерді және ағысы жай 0,5 м/с жоғары емес орынды таңдағаныңыз жөн (тексеру үшін суға жаңқа немесе таяқ тастаңыз). Әрқашан су түбін тексеру қажет және шомылып жатқан балаларды қадағалаңыз. Балалар су жағасында шомылулары қажет. Ешқашан шалшық суға түспеңіз;
‼️Егер сіз мас күйде болсаңыз, балаларды суға жібермеңіз, олар қараусыз қалып қойған жағдайда, қайғылы жағдайға ұшырауы мүмкін.
Ауылымызда суға шомылуға арналған, арнайы рұқсат етілген жер жоқ, сондықтан жағаға барып, суға шомылуға рұқсат бермеулеріңіз сұралады.
‼️Әр бала-бақытты болашағамыз! Сондықтан ұрпағымыздың амандығын тілеп, суға шомылуға рұқсат бермей, бақылауда ұстау сұралады. Ескертуден жалықпайық, айтқанды орындауға үйретейік!
#біртұтас_тәрбие
Құрманғазы Аудандық Білім Бөлімі
Atyrau_tàrbîe
Zina Kerey
Atyrau Tárbıe Keńistigi
Менсулу Маштаева
Атырау Облыстық Әдістемелік Орталығы