Бала – заңмен қорғалған тұлға. Бала еңбегін қанау мәселесі бүкіл әлемде орын алып отыр. Бала еңбегі баланың дене дамуы мен психоәлеуметтік дамуына үлкен, кейде оңалмайтын нұқсан келтіреді. Баланың дұрыс дамып жетілуіне ата-ана жауапты. Әр баланың еңбек бостандығына, қызмет және мамандық түрін еркін таңдауға құқығы бар. Он төрт жастан асқан балалар ата-аналарының рұқсатымен оқудан бос уақытта денсаулығының жай-күйі мен дамуы бойынша қол жетімді, баланың дене, адамгершілік және психикалық жай-күйіне зиян келтірмейтін қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуға құқылы, сондай-ақ мамандық алуға құқылы. Баланы ауыр дене жұмыстарына және еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қиын жұмыстарға қабылдауға немесе тартуға тыйым салынады.
#балаеңбегінқанауғақарсынауқан
#балаеңбегінқанауғажолжоқ
#Біртұтастәрбие
