Skip to content

Биыл Екінші дүние жүзілік соғысқа қатысқан қазақ батыры, рейхгсатқа ту…

Биыл Екінші дүние жүзілік соғысқа қатысқан қазақ батыры, рейхгсатқа ту тіккен, аты аңызға айналған -Рахымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толып отыр.
Халық қаһарманы туралы Ф.Оңғарсынова атындағы жалпы орта мектебінің 7 сынып оқушылары арасында “Ерлігі ұрпаққа үлгі” атты сынып сағаты өтті. Мақсаты оқушыларға соғыс, жеңіс, бейбітшілік ұғымы туралы түсінік бере отырып, Ұлы Отан соғысына қатысқан батырлар жайлы және Рахымжан Қошқарбаевтың ерлігі жайында түсініктерін қалыптастыру. Оқушыларды отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, ерлікке тәрбиелеу.
Шара барысында Рақымжан Қошқарбаевтың өмірі жайлы және «Рейхстагқа ту тіккен Рақымжан» атты бейнебаян көрсетілді.
Отанын оттан қорғап, жеңіс деп жанын шүберекке түйген Рақымжан Қошқарбаев сынды батырларын өскелең ұрпақ ешқашанда ұмытпайды.
#біртұтас_тәрбие
#Рақымжанқошқарбаев
#Ұлыжеңіс

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *