Skip to content

Мектебімізде “Ата – аналарды педагогикалық қолдау” орталығының іс-шара жоспарына орай…

Мектебімізде "Ата – аналарды педагогикалық қолдау" орталығының іс-шара жоспарына орай кезекті сабақ 1-4 сынып ата – аналарына "Әкені көріп ұл өсер, Шешені көріп қыз өсер" тақырыбында ұйымдастырылды. Сынып жетекшілер тақырып төңірегінде тренингтер ұйымдастырып, шара соңында ата – аналар өз ризашылықтарын білдірді.
Тренингте қамтылған негізгі ұғымдар:
⚜️Отбасында уақытты бірге өткізудің пайдасы
⚜️Ата-ананың күнделікті өмірде үлгі болатын маңызды қасиеттері
⚜️Балаға жақсы әдеттерді үйрету.
⚜️Уәдесін орындау – ата-ананың ең басты қағидасы
⚜️Балапан ұядан не көрсе, ұшқанда соны іледі.
#біртұтас_тәрбие

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *