Skip to content

Санаулы ғұмырын ұстаздық жолға арнаған, «ұстаз» деген қасиетті ұғымды қастерлеген,…

Санаулы ғұмырын ұстаздық жолға арнаған, «ұстаз» деген қасиетті ұғымды қастерлеген, өскелең ұрпақ тәрбиелеуде адал еңбегімен нұрландыра білген ардақты жан еді! Біліктілік, көшбасшылық, іскерлік, парасаттылық, қарапайымдылық қасиеттерімен дараланған Фаруза Хисамеденқызының болмысы ерекше еді.
Фаруза Хисамеденқызы – Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтының физика-математика факультетінен физика пәні мұғалімі мамандығын игерген.
Ұстаздық еңбек жолын Киров ауылдық кеңесіне қарасты Шағырлы ауылындағы Т.Бигелдинов атындағы бастауыш мектебінен бастаған. Кейіннен ұстаздық еңбек жолын Котяев селосындағы Н.Крупская мектебінде, Утера селосындағы Имашев мектебінде жалғастырған.
1978-1985 жылдары Имашев мектебінде директор қызметін атқарған.
1985 жылы Н.Крупская орта мектебіне директор қызметіне тағайындалған.
1988 жылы тамыз айында Байда селеолық кеңесіне Кеңес төрайымы болып сайланып, төрт жыл еңбек еткен.
Кеңес төрайымы қызметіндегі сайламалы мерзімі біткен соң, Н.Крупская мектебінде оқу ісінің меңгерушісі болып мектепке оралған.
Он жылға жуық уақыт Байда советінде депутат болған. Жалпы оқу-ағарту саласы мен мемлекеттік атқару қызметінде 38 жыл еңбек еткен.
Бірнеше мәрте аудан, облыс басшылығының, оқу-ағарту саласы басшыларының Алғыс хаттарымен, Құрмет грамоталарымен марапатталған.
Мектеп тарихында, шәкірт жүрегінде өзінзік қолтаңбасы бар, Фаруза апайдың жарқын бейнесі мәңгілік естелік болып қалады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *