ҚЫЗДАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТІЛДІ
Әрбір елдің қоғамындағы шешуші кілт – қыздарға берілетін тәлім мен тәрбие арқылы өлшенеді. «Қыз» деген сөздің өзі әдеміліктің, әдептіліктің, жан-жақты сұлулықтың символы ретінде қолданылады. Бұл қыз баланың айрықша әдепті де, көрікті болатынын аңғартады.
Қыз бала тәрбиесі бүтін бір ұлттың тәрбиесі екенін ескерсек, қазіргі таңдағы қыз балалар арасындағы келеңсіз жағдайлар, құқық бұзушылықтар, т.б қоғамдағы бірқатар мәселелер көңіл көншітерлік емес. Сол бағытта мектебімізде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Хасанова, мектеп тәлімгері Г.Алтыбаева, қыздар ұйым жетекшісі С.Ескалиеваның қатысуымен қыздар жиналысы ұйымдастырылып өткізілді. Жиналыс барысында мектептің ішкі тәртіп ережесі, зиянды заттардың алдын алу, жеке бас гигиенасы, қыз бала тәрбиесі, сабаққа, қоғамдық шараларға қатысуы, сонымен қатар түнгі уақытта кәмелет жасына толмаған жасөспірімдердің көшеде жүруі, кертартпа діни ағымдардың алдын-алу бағытында олармен күрес жұмыстары туралы түсіндіріле отырып, оқушылардың көкейкесті ойлары тыңдалып, сұрақтарына жауап берілді.
#Біртұтас_тәрбие
#kurm_біртұтас_тәрбие