"Мектеп, ата-ана, бала арасындағы байланыс" тақырыбында 8-11 сынып ұлдары және ата-аналарымен біріккен жалпы жиналыс өтті. Жиналысқа 48 ер бала ата-анасымен қатысты. Жиналысты мектеп директоры Ш.С.Исатаева ашып, күн тәртібіндегі мәселемен таныстырып, ата-аналардың мектеппен байланысуына, баласын күнделікті бақылауға алуына, сынып жетекшілермен, пән мұғалімдерімен байланыста болуына тоқталды. Жиналыста құқық бұзушылықтың алдын алу, буллинг, суицид, алкоголь, темекінің зияны, бос уақытты тиімді пайдалану мәселелері төңірегінде сөз қозғалып, ата-аналардың пікірлері тыңдалды. Аудан көлемінде жасөспірімдер арасында болып жатқан келеңсіз жайттарға тоқталып, хабардар етілді. Б.Бекешов, С.Ибраев, З.Айткалиева т.б ата-аналар балаларға өз ақылдарын айтып, кеңестерін берді. Мектеппен тығыз байланыста болып, балаларын қадағалап, үнемі бақылауда ұстайтынын айтып өтті.
#біртұтас_тәрбие
#kurm_біртұтас_тәрбие
#kurm_құқық-2024
