"Зерде" шығармашылық тобының онкүндік жоспарына орай "Құндылыққа бағытталған білім: Тәсіл. Тәжірибе. Нәтиже" тақырыбында ашылу шарасы өтті. "Жігер", "Жарқын" шығармашылық топ мүшелерінің көңіл күйін көтеру мақсатында қызықты сұрақтар қою арқылы қарсы алып, "Зерде" шығармашылық тобының мүшелері ән шашуын арнады. Әрбір топ мүшелеріне тапсырмалар беру арқылы ой бөлісті. Қатысушы топ мүшелері жақсы көңіл күймен қатыса отырып, белсенділік танытып, ризашылықтарын білдірді. Онкүндік әрі қарай жалғасын табады.
