"Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының" кезекті дәріс сабағы 1-4 сынып ата-аналарының арасында "Білімдіге дүние жарық" тақырыбында өтті.
Мақсаты: Баланың есте сақтау қабілетін, зейінін, ойлауын және қарым-қатынас жасау дағдыларын ұлттық мәдениет негізінде дамыту әдістері арқылы жүзеге асыру. Дәріс барысында жағымды көңіл күй қалыптастырып, ата-аналарды топқа бөліп, замануи әдіс – тәсілдер арқылы бірлескен жұмыстар ұйымдастырылды.1топ ата-аналары "Баланың оқуға деген құштарлығын қалай арттыруға болады?"деген сұраққа жауап берсе, 2 топ мүшелері "Болашақтағы баланың моделін" құрастырып, өз ой-пікірлерімен бөлісті. "Ұшып келген хат" әдісі арқылы ата-аналардан кері байланыс алынды.
#біртұтас_тәрбие
#kurm_біртұтас_тәрбие
#atyrau_tarvie
