"Назар аудар – балалар!" жедел профилактикалық іс-шарасы
2023 жылдың 27 тамыз 30 қыркүйек аралығында "Назар аудар – балалар! жедел профилактикалық іс-шара жоспарына сай, мектебімізде жол көлік оқиғасы мен құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау мақсатында 1 сыныпта "Абайлаңыз балалар! " тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
"Назар аудар – балалар!" жедел профилактикалық іс-шарасының мақсаттары мен міндеттері туралы, жол көлік және құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктерін, көлік объектілерінде жүріп тұру қауіпсіздігі қағидалары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.