ҚҰЛАҚТАН ҮНІҢ КЕТПЕСТЕЙ,
СЫҢҒЫРЛА, СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ!
Міне, бүгін тағы бір оқу жылы аяқталып, мектеп бітіруші түлектер мен оқу жылын аяқтаған шәкірттер үшін соңғы қоңырау соғылды.
2023 жылдың 1 маусым – Халықаралық Балаларды қорғау күнінде Ф.Оңғарсынова атындағы жалпы орта мектебінде «Құлақтан үнің кетпестей, сыңғырла соңғы қоңырау» атты салтанатты жиын өткізілді. Мемлекеттік Әнұранмен басталған шарада мектеп директоры Ш.С.Исатаева құттықтау сөз сөйлеп, бітіруші түлектерге сәттілік пен ақ жол тіледі. Сондай-ақ, жыл бойы үздік, жақсы оқыған мектептің қоғамдық өміріне белсене араласқан оқушыларды, ұстаздарды марапаттады.
Салтанатты жиынға ата-аналар, бітіруші түлектер, оқушылар және ұстаздар қатысты.
Салтанатты жиын соңында Жас түлектерге «Сәтті сапар» тілеп үлкен өмір жолына аттандырып, ортамыздан шығарып салдық.
Бітіруші түлектерімізге алдағы үлкен сынақ ҰБТ-да жоғары жетістікке жетіп, грант иегері атануларына тілектеспіз.
#Соңғықоңырау
#Жастүлек2023