Skip to content

Мектебімізде Қарттар күніне байланысты ауылымыздағы еңбек ардагерлерімен «Әлемнің әміршісі –еңбек»…

Мектебімізде Қарттар күніне байланысты ауылымыздағы еңбек ардагерлерімен «Әлемнің әміршісі –еңбек» тақырыбында ұстаздармен, мектеп оқушыларымен сыр сұхбат кеші өткізілді.
Мақсаты: оқушыларға тек еңбек арқылы барлық жетістікке жетуге болатындығын түсіндіру. Оқушыларды адал еңбекке баулу ,кәсіптік білім беру. Адам еңбегін бағалай білуге ,еңбек адамдарын сыйлай білуге тәрбиелеу.
Осы мақсатта ауылымызда еңбегімен еленген еңбек ардагерлеріміз Зоя Мұкашева, Айбарша Саржигитова апайларымыз оқушылармен кездесіп, өздерінің еңбек жолдарын таныстырып, болашақ мектеп бітіруші түлектерге мамандық таңдауға бағыт- бағдар беріп, өз пікірлерімен бөлісті. Мектеп оқушылары сұрақтарын қойып, тақырыпты одан әрі өрбітті. Мектеп ұстаздары да қонақтармен пікір алмасып, еңбек жолындағы қызықты естеліктерімен, қиындық кезеңдері туралы баяндады. Кездесу нәтижесінде оқушылар көкейлеріндегі сұрақтарға жауап алып, еңбек арқылы барлық қиындықтың бәрін жеңуге болатындығын ұғынды.
#қарттар_күні
#мектеппарламенті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *