Ұстаз…
Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым.
Біздің ойымызша, кез келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі, ұстаздық өнер — тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. "Шәкіртсіз ұстаз тұл" деген тегін айтылмаса керек. Дүниедегі сыйлы адам да ұстаз.
Жақсы ұстазға екі ғана нәрсе керек, 1- терең білім, 2- үлкен жүрек. Балаға деген шексіз махаббаттың иесі болған ұстаз ғана өз еңбегінің жемісін көре алары сөзсіз.
Құрметті ұстаздар қауымы! Сіздерді ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің бала көңілдеріңіз әр оқушының жан дүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сәттілік тілейміз!
