Skip to content

Ф.Оңғарсынова атындағы жалпы орта мектебінде 2022 жылдың 04 ақпан күні…

Ф.Оңғарсынова атындағы жалпы орта мектебінде 2022 жылдың 04 ақпан күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында іс-шара жоспары бойынша өзін-өзі тану мұғалімдері 1-7сынып оқушылар арасында «Руханилықтың мөлдір бұлағы» атты тақырыпта ана, мейірім, бейбітшілік және достық туралы (суреттер, ашық хаттар т.б ) сурет байқауын ұйымдастырды.
Өзін-өзі тану пәнінің авторы С.А.Назарбаеваның еңбегін таныту, оқушылардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді дарыту, ұлттық және жалпы адами құндылықтарды дамыту, өзара келісім мен өзара түсіністікке баулу, мейірімділік пен адамзатқа деген сүйіспеншілікті қалыптастыру. Оқушылардың дарындылық қабілеттерін ашу бағытында «Руханилықтың мөлдір бұлағы» тақырыбымен балалардың шығармашылық сурет көрмесі ұйымдастырылып,өткізілді. Оған балалардың Отан, достық, қайырымдылық, отбасы, Ана,табиғат тақырыптарына салынған суреттері жинақталды. Байқау барысында оқушылардың белсенділік танытып, сурет салуға деген қызығушылықтарын арттырды.
Нәтижесінде оқушылар қызыға қатысып, шығармашылық қабілеттерін жан-жақты көрсете білді. Суретті жақсы салған оқушыларға алғыс хаттар берілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *