Еліміздің болашағы мұғалімнің білімі мен біліктілігіне, рухани әлеуетіне,саяси мәдениетіне байланысты.Білім беру жүйесін жетілдіру,шеберлік пен іскерлікті,кәсіби дайындығының сапасын өсіру міндеті қойылып отыр.Әрбір педагог қазіргі заман өзгерістерінен қалмау үшін үнемі шығармашылығын арттырып отыру қажет.Ұстаздардың шығармашылық пен ізденісін, іс –тәжірибесін таратуда педагогикалық оқуды ұйымдастырудың маңызы жоғары.Ф.Оңғарсынова атындағы жалпы орта мектебінде мектепішілік педагогикалық оқу өтті. Педагогикалық оқуды ұйымдастырудағы мақсат: мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін көтеру,оқушылар мен жастарды тәрбиелеу мен оқытудағы озық инновациялық педагогикалық тәжірибелерді жинақтап,тарату мақсатында ұйымдастырылады.Педагогикалық оқуға 12 ұстаз қатысып, түрлі тақырыпта баяндамаларын қорғады. Шара соңында әділқазылар тобының шешімімен педагогикалық оқуға қатынасқан ұстаздардың жұмысы аудандық кезеңге ұсынылды. Әріптестерімізге педагогикалық оқудың аудандық кезеңіне сәттілік тілейміз!
Еліміздің болашағы мұғалімнің білімі мен біліктілігіне, рухани әлеуетіне,саяси мәдениетіне байланысты.Білім…
