Мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Исмагулов Якуб Утепбергенұлы ҚР Президентінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды. Ел ертеңі болып табылатын ұландардың бойына білім мен өнерді, адамгершілік пен адалдықты, туралық пен шыншылдықты, рухани байлық пен ұлттық қасиеттерді сіңіріп, оларды тұлғалы азамат етіп қалыптастыруда сіздің үлесіңіз орасан мол. Мектеп ұжымы атынан марапатыңызбен құттықтай отырып, өзіңізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық тілейміз!
