Skip to content

Ф.Оңғарсынова атындағы жалпы орта мектебінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл…

Ф.Оңғарсынова атындағы жалпы орта мектебінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл және Жас Ұлан ББЖҰ-на 10 жыл толу қарсаңында “Ұланымыз Ұлы елдің” Республикалық Бірыңғай “Жас Ұлан” балалар мен жасөспірімдер қатарына қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиын өтті. Салтанатты қабылдау шарасы барысында ұйымға қабылданушылар отансүйгіш болуға, ел мен жерді, ата – ананы қадірлеуге, оқуда озат, еңбекте адал болуға, табиғатты аялауға ант етті. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз мәңгілік болсын!
#Тәуелсіздік30жыл.
#ЖасҰлан10жыл. #jasulan 10jyl

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *