26 қараша күні Ф.Оңғарсынова атындағы жалпы орта мектебінде «Зерде» шығармашылық тобының ұйымдастырумен «Оқушылардың ғылыми –жаратылыстану және оқу сауаттылығын,креативті ойлауын дамыту» тақырыбында семинар өтті.Семинарға серіктес мектептер Ы.Алтынсарин , Ғ.Мүсірепов және Б.Момышұлы мектептерінің ұстаздары қатысты. Семинардың мақсаты: оқушылардың функционалдық сауаттылығын және креативті ойлауын дамыту үшін қажетті кәсіби құзыреттілігін жетілдіру.Семинарды топ жетекшісі Б.Дүйсекенова ашып, семинардың жұмыс жоспарымен таныстырды.Семинарда психологиялық тренинг, 7Б сыныбында «Инерция»тақырыбында (Ш.Исатаева), 7В сыныбында «Неблогоприятные атмосферные явления» (А.Құрақбаева)ашық сабақтар, «Мұғалімдердің креативті ойлау дағдыларын жетілдіру» тақырыбында( Ж.Исмагулова, Г.Байжұмаева) коучинг және Б.Дүйсекенованың ұйымдастырумен танымдық ойындар өткізілді.Жүргізілген жұмыстар бойынша серіктес мектептің ұстаздары кері байланыс берді. Семинар барысында жүргізілген жұмыстар мақсатына жеткен, жоғары деңгейде ұйымдастырылған жұмыс деп бағаланды.
