Фариза Оңғарсынова атындағы жалпы орта мектеп базасында 19 ақпан 2021 жыл күні оқу – әдістемелік бағыт бойынша қазақ тілі мен орыс тілі пәні мұғалімдерінің ғылыми – әдістемелік деңгейлерін анықтау, кәсіби және ақпараттық құзыреттілік деңгейлерін арттыру үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында тілдік пән мұғалімдерінің арасында олимпиада ұйымдастырылды. Олимпиада ІІІ кезеңнен тұрды: 1)таныстыру(педагогоикалық қоржын);2) мәнерлеп оқу; 3) тест . Олимпиада соңында әділ қазыларға сөз беріліп, пән мұғалімдері марапатталды. Нәтижесінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қ.Мақсотова І дәрежелі дипломмен, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.Акмуканова мен орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Т.Кисапова ІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Барша мектеп ұстаздарына шығармашылық табыс тілейміз!!!
