Skip to content

Фариза Оңғарсынова атындағы жалпы орта мектебінде 29 қаңтар күні онлайн…

Фариза Оңғарсынова атындағы жалпы орта мектебінде 29 қаңтар күні онлайн бағытта педагогтардың кәсіби деңгейін арттыру, кәсіби педагогикалық
шығармашылықтарын ынталандыру және инновациялық идеялар мен жетістіктерін
насихаттау мақсатында "Ең үздік кабинет" байқауы өткізілді. Бауқау барысында түрлі-түрлі әдемі безендірілген бейнероликтер, презентациялар ұсынылды. Әділ қазылар жинақталған материалдардың сапалылығына, әдемілігіне ғана қарап қоймай, сонымен қатар кабинетке қосып жатырған үлестерін ескере отырып, төмендегідей қорытындыға келді. І орынды екі кабинет меңгерушілері Тастемирова Қоңырша мен Мақсотова Қалиса иеленді, ІІ орынды Тұңғышалиева Айнұр, Дуйсенова Айгуль,Байжұмаева Гүлжанат қанжығаларына байлады. ІІІ орын Бегалиева Асель, Зинетуллина Гүлзира ,Гайсина Нурия мен Дюсекенова Балнұрға бұйырса, Шапхатова Гүлжібек пен Ертаев Нұрлыбек Алғыс хатпен марапатталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *