Skip to content

2021 жылдың 28 қаңтар күні оқу бағыты бойынша жаратылыстану пәні…

2021 жылдың 28 қаңтар күні оқу бағыты бойынша жаратылыстану пәні (химия,биология) мұғалімдерінің арасында « Үздік сабақ» байқауы өтті. Байқаудың басты мақсаты: онлайн байқауда кәсіби білікті оқытушылардың креативті тәсілдерді тиімді қолдана білуін бақылап, жеңімпазды анықтау. Үздік сабақты тәжірибеде көрсету үшін онлайн форматта оқушылармен ZOOM платформасында сабақ өткізілді. Сабаққа қойлатын негізгі талаптар:

Сабақ тақырыбының нақтылығы;
Сабақтың мақсаты( нақты нәтиже шығаратын SMART мақсат қою);
Сабақтың жүйелігі;
Сабақтың теориялық жағынан дұрыс құрылуы;
Оқулықпен жұмыстың қамтылуы;
Нәтижеге бағытталған әдістің қолданылуы;
Жаңашыл әдістің қолданылуы;
Сөйлеу әрекетіне арналған инновациялық жаттығулардың болуы;
Рефлексия дағдысын қалыптастыру әдісі;
Сабақты қорытындылау шеберлігі. Жоғарыда аталған барлық талаптарға сәйкес деп химия пәні бойынша 7 "а" сыныбында өткізілген "Сұйылтылған қышқылдардың металдармен әрекеттесуі" тақырыбындағы Тұңғышалиева Айнұр Елемесқызының сабағы "ҮЗДІК САБАҚ" номинациясын жеңіп алды. Сонымен қатар сабақ өткізген басқа химия және биология пәні мұғалімдері Алғыс хатпен марапатталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *