Кәсіби деңгейі жоғары, жаңашыл сипаттағы, бәсекеге қабілетті шығармашылықпен жұмыс істейтін мектептің талантты пән бірлестігін анықтау мақсатында оқу ісінің орынбасары Ж.Абдигалиеваның ұйымдастыруымен мектепішілік онлайн форматта "Үздік бірлестік -2020" байқауы өткізілді. Нәтижесінде пән бірлестіктері түрлі номинациялармен марапатталды. Қазылар алқасының шешіміне сәйкес "Шығармашыл бірлестік-2020" атағын математика, физика, информатика бірлестігі, "Жаңашыл бірлестік-2020" атағын биология-химия бірлестігі, "Ұшқыр ойлы бірлестік-2020"атағын орыс тілі мен әдебиеті бірлестігі, "Нәтижелі бірлестік-2020" атағын тарих пәні бірлестігі, "Тәжірибелі бірлестік-2020"атағын бастауыш сынып бірлестігі, "Ұйымшыл бірлестік-2020" атағын ұйымның жас мұғалімдерінен құрылған көркем еңбек пәні бірлестігі иемденді. Барша мектеп ұжымына алғыс білдіріп, шығармашылық табыс тілейміз!
