Аудандық білім бөлімі әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес әдіскер Жуманова Ғалия Сайхолқызының ұйымдастырылуымен 2020 жылдың 21 қазанында жалпы білім беретін мектердің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған "Словестник" байқауы өткізілді. Сайыс қашықтықтан онлайн форматта ұйымдастырылды. Сайысты ұйымдастырудағы мақсат – орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің педагогикалық шығармашылығын дамыту. Қашықтық жағдайында сабақта жаңа педагогикалық технологияны қолдану. Шығармашылықпен жұмыс жасап жүрген талантты педагогтарды анықтау.
Байқау нәтижесінде мектебіміздің орыс тілі пәнінің мұғалімі Шапхатова Гүлжибек Сиражқызы жүлделі 2 орынды иеленді!
