🎊Мектебім, саған мың алғыс!🎊
2025 жылдың 24 мамыр күні мектебімізде «Мектебім, саған мың алғыс!» тақырыбында оқу жылының аяқталу шарасы өтті.
Мерекелік іс-шараға Бөкейхан ауылдық округінің бас маманы А.Галиханов, ардагер ұстаздар, ұстаздар қауымы, оқушылар мен ата-аналар қатысты. Түлектерге ақ жол тілеп, мектеп қабырғасындағы жарқын сәттер еске алынды. Салтанатты жиында оқушылар ән шырқап, өлең оқып, жүрекжарды тілектерін жеткізді.
Ұстаздар мен ата-аналар шәкірттерге ақ батасын беріп, сәттілік тіледі. Соңғы қоңырау үнімен түлектерге үлкен өмірге қадам басу сәті салтанатты түрде аталып өтті.
Шара жоғары деңгейде, әсерлі әрі тәрбиелік мәнде өтті.
#біртұтас_тәрбие_atyrau
#kurm_біртұтас_тәрбие
#біртұтас_тәрбие_атырау
#біртұтас_тарбие_atyrau
#kurmtarbiе2025