Мектеп тарихы
Котяев селосында сауаттандыру, жастарға білім беру жұмысы өткен ғасырдың 20-шы жылдарының басынан қолға алынған. Бірақ тұрақты оқу орны болмаған. Андрей Лаврентьевич деген белсенді балаларды өз үйінде оқытып, қара танытқан. Мектеп 1930 жылы ашылып, Н.К.Крупская есімі берілген. Алғашқы меңгерушісі болып жасынан «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған Анна Михайловна Юнницкая бекітілген. Сол кезде қазақ сыныптарына Әліпқали Бердешов сабақ берген. 1935 жылы бастауыш мектеп орталау оқу орнына айналды.
1935 жылы мектепке 7 жылдық болуына орай Кордуан, Жыланды, Шортанбай, Жасбуын, Октябрь бастауыш мектептерін бітірген шәкірттер келіп оқыды. 30-шы жылдан мектепте, педкурс, педтехникум аяқтаған жас мамандар Құбайдулла Дидарғалиев, Ғибрат Досбулаев, Нұрлы Құрметова, Мақу Досжанов, Ізтілеуов, Зинор Қазиев, Фатих Жұмақашев, Депелева, Екатерина Афанасьева, Анатолий Тарабрин сияқты мұғалімдер сабақ берді.
1935 жылы қашықтан келетін балаларға арналып жатақхана ашылды. Өткен ғасырдың 40-шы 50-ші жылдары мектеп Ғинаят Тасимов, Муафик Шәріпов, Елена Холина, Ғибрат Досбулаев, К.Юсупов, Б.Демесенов, Шәміш Сұлейменов, Мағзом Жұмағалиев, Әшім Боқанов, Қабдрахим Нұралин, Қазима Нұртазина, Зейнеп Шоқанов, Мағзом Әбілқайырова, Асылбек Нәжімеденов, В.Тюрин,Назымбек Аймашев, Қайреден Аққалиев, В.Григорьев, Д.Н.Иванова, Т.П.Воробьева, Мұхсина Кенжеғалиева, Аятқали Мамитов, Ханым Есмағанбетова сияқты мамандармен толықты. Мектептегі бала саны өскен сайын ұжымшылар оған қосымша сынып бөлмелерін салып отырды. 50-ші жылдардың ортасында «Память Ильича» ұжымшылары мектепке қосымша саман тастан 8 бөлмелі ғимаратын салды.
1956 жылы мектеп онжылдық болды. Оған Шортанбай, Көптоғай, Жасталап, ММС, Кудряшов, Күйген, Шағырлы, Зормата ауылдарынан 8 сынып бітірген оқушылар, әрі қарай 9-10 сыныпты жалғастырды.
1956 жылы 10 сыныпты Н.К.Крупская мектебін 112 түлек аяқтап шықты. Алғашқы түлектердің қатарында Әміржан Меңдешов, Маруся Құлтаева, Махсот Ахметов, Мәдениет Дүйсенов, Мәдениет Шәпиева, Өміржан Шұғайыпов, Ғазиз Камалов, Біржан Шәріпов, Меллят Сүлейменова, Ғапура Даулетова, Социал Жұмадияров, Қасайынов, Ғұмаров т.б болған еді. Мектеп оқушылары көбейген сайын ұcтаздар қатары да толығып отырды. Осы кездері білім ордасына Хайролла Габдуллин, Сайфеден Құспанов, Өтеміс Құлтаев, Нух Хафизов, Галина Бисенгалиева, Ғазиз Бердешов, А.Петрушкина, В.Золотова, Какима Бесқалиева, Меңді Аюпова, Б. Садыхов, А. Жураковская, Анария Құрмашева, М.Манапова, Надежда Сүлейменова, Қадірбай Доскалиев т.б келді. 50-ші жылдардың аяғында мектеп базасында республикада алғаш рет халық университеті ашылып, оқушылар мен жұмысты жастар әдеп, мәдениет, өнер, этика, эстетика, халық шығармашылығы т.б пәндерден лекция оқып, ауыл тұрғындарының мәдени және рухани сауатын көтеру бағытында тың бастама көтерді. Халық университетінің тәжірибесі республика көлеміне таралып, басшылар тарапынан жоғары бағаға ие болды.
1961 жылы Ганюшкин пансионы Котяевке көшіріліп, ұлғайды. Оның директор қызметін Бекболат Абатов, оқу ісінің меңгерушілігін Аятқали Мамитов атқарды.
1960-1970 жылдары мектепте байырғы ұстаздармен қатар Зауре Хасанова, Айжан Кадрешова, Амина Әлішева, Нариман Әлішев, Нағима Әлібасова, Бағилат Абдолова, Сабила Сұлтанова, Тілеш Мұханбетов, Ғапура Ғатауова, Роза Сүталиева, Үнзила Ізімовалар ұстаздық етсе, Маржан Даулетова, Гулсара Суфалдиярова интернатта тәрбиешілік қызметін атқарпады. Осы жылдары бала саны 480-520-ға дейін жетті.
1983 жылы 320 орындық типтік жобадағы жаңа ғимарат бой көтеріп, пайдалануға берілді. Бұл игілікті іске асырған «Память Ильича» ұжымшарының басқарма төрағасы Дүйсенбай Сатылганов. Мектепте әр жылдары директордың оқу ісі және тәрбие жұмыстар жөніндегі орынбасарлары болып Хайролла Ғабдуллин, Тілеш Мұханбетов, Якуб Исмагулов, Нух Капизов, Фазыл Байғазиев, Сұлтангерей Молдашев, Еркін Сайфеденов, Әсима Омарова, Еламан Ертаев, Маруся Құлтаева, Фаруза Титанова, Күлмай Шамарова, Эльза Сатыбалдиева, Баянсұлу Калиева, Гүлбану Дюсалиева және басқа да біраз ұстаздар өнікті жұмыс жасады. А.Юнницкая, Хайролла Габдуллин, Қадірбай Доскалиев, Қадірбай Дүйсекенов, Ғибрат Досболаев, Ғ.Ерғалиева, М.Құлтаевалар мемлекеттік марапаттарға ие болса, Бағилат Абдолова және Сара Нұралина сияқты ұстаздар «Аға мұғалім», «Әдіскер мұғалім» атақтарына ие болды.
1990-2000 жылдары мектепте мемлекеттік аралық дайындықта үздік нәтиже көрсетіп, республикадағы озықтар қатарына енді. Мектеп түлектері еліміздің әр өңірінде өздерін білікті маман ретінде көрсете біліп, ғылыми еңбектерімен ерекшеленіп, басқа қызметтерді де, абыроймен атқарды. Мысалы:
- Қадіржан Сейталиев – ғылым кандидаты;
- Ізгілік Ахметов-ғылым кандидаты;
- Б.Құрманбаев аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары, аудан әкімі;
- Ғимран Мырзагалиев – аупартиомда бөлім меңгерушісі, ІІ хатшы, тәуелсіздік алғаннан кейін салық басқармасының бастығы қызметтерінде болды;
- Злиха Дүйсекенова – Атырау облысы білім басқармасының орынбасары;
- Абат Қыдыршаев – педагогика ғылымының докторы, академик.
- Сайранбек Ахметов –техника ғылымының докторы, профессор;
- Нүркен Ахметов –техника ғылымының кандидаты;
- Түлек Әмір Махмудов 1965 жылы мектепті күміс медальмен бітірді;
Крупская мектебін аяқтап мұғалім мамандығын алып, қайтадан өзі оқыған мектепте жұмыс жасаған түлектер саны 50-ге жуықтайды. Олардың ішінде Сұлангерей Молдашев, Маруся Құлтаева, Сара Нуралина, Фаруза Титанова, Абдрахман Төлепбаев, Якуб Исмагулов, Абдолова Бағилат, Әсима Омарова, Күләш Мырзагалиева, Ақлима Ахметова, Күлмай Шамарова, Алия Досбулаева, Сауле Сейталиева, Гүлжан Сейталиева, Рима Досбулаева, Майра Зұлхарнаева, Саясат Қабдешов, А. Өтепбергенова, Еламан Ертаев, Марат Сейталиев, Бақытжан Жәнібекова, Николай Вереин, Эльза Сатыбалдиева, Сағида Тасимова, Злиха Дүйсекенова, Насихат Құлбаева, Мария Сүлейменова, Жанар Қалиева, Айгул Дүйсенова, Самат Сейталиев, Айгүл Құлтаева, Қ. Жанатаев, Нүрбек Сатылганов және т.б бір топ жастар осы мектепте оқушыларға дәріс беруде.
1990-2012 жылдар аралығында 20 оқушы мектепті үздік куәлікпен аяқтаса, Қ.Имангалиева, Сүлеймен Төрегалиев, Жансая Сабирова, Жанна Айткалиева, Айдана Қасиетова, Бауыржан Ертаевтар мектепті үздік аттестатпен бітірді.
2012-2018 оқу жылдары аралығында мектеп үшін ең нәтижелі жылдардың бірі болды. Өйткені, осы оқу жылдары аралығындағы мектеп түлектері Раушан Темирова, Раушан Ахметкалиева, Айсұлу Сүлейменова және Нұргүл Қайыржанова «Алтын белгіге» ие болса, Жарқынай Сұлтангереева, Джумашева Алтынай, Абрахманов Ренат, Биляшева Дана «Қазақстанның үміт артарлары» кітабына еніп, мектеп тарихына есімдері алтын әріппен жазып қалдырды.
Мектеп меңгерушілері директорлары болып әр жылдары: Анна Юнницкая, Құбайдолла Дидарғалиев, Елеу Фазылов, Г. Юсупов, Б.Демесінов, Е.Афанасьева, М.Шахиев, Арон Дәуменов, Ғимран Мырзағалиев, Асылбек Нәжімеденов, Қыдырқожа Хасанов, Александр Лұқпанов, Сәуле Сейталиева, Гүлжанат Байжумаева, Қыдыршаев Жанболат
еңбек етті. Қазіргі мектеп директоры болып Исатаева Шынар Сүйіндікқызы қызмет атқарады.
2020 жылдың 1 шілдесінде Құрманғазы ауданының қаулысымен «Н.К.Крупская атындағы жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Ф.Оңғарсынова атындағы жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.