Ағымдағы жылдың наурыз айының 27-30 күндері аралығында "Жанұя және бала" жедел алдын-алу іс-шарасы барысында мектеп инспекторы А.Нигметовтың қатысуымен Ф.Оңғарсынова жалпы орта мектебiнiн ата-аналары мен оқушылары арасында жиналыс өткізілді. Жиында қазіргі уақыттағы аниме әуесқойларының субмәдениетінен туған "ЧВК Редан" жаңа жастар ағымы, зиянды психотроптық "Трамадол" дәрі-дәрмегiнiң зияны туралы, кәмелетке толмағандармен жасалатын құқық бұзушылықтың және кәмелетке толмағандарға қатысты жасалатын зорлық-зомбылық фактілері, "112" қауырт желісіне мектеп оқушылары тарапынан қоңыраулар түсуі, қоңыраулардың басым бөлігі балалардың ойнап, қызық көріп соғуы жөнінде, жыныстық тәрбие бағытында, жасөспірімдердің қадағалаусыз, панасыз қалуының алдын-алу, сондай-ақ «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» акциясы аясында түсінік жұмыстары кеңінен жүргізілді.
#kurm_құқық2023
