Skip to content

«АТА-АНА БАҚЫЛАУЫ» КЕҢ АУҚЫМДЫ НАУҚАНЫНЫҢ БАСТАЛУЫ ✅️ ҚР Оқу-ағарту министрлігі…

«АТА-АНА БАҚЫЛАУЫ» КЕҢ АУҚЫМДЫ НАУҚАНЫНЫҢ БАСТАЛУЫ

✅️ ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті «Ата-ана бақылауы» бағдарламасын пайдалануға арналған кең ауқымды науқанды бастайды.

🔰 Аталған бастама «Kazakhstan Kids Online. Қазақстандағы балалардың цифрлық өмірі» әлеуметтік зерттеу нәтижелерін ескере отырып, балалардың ақпараттық қауіпсіздігінің өзекті мәселелерін шешуге бағытталған.

📲«Ата-ана бақылауы» – онлайн-ортада ата-аналарға балаларына қолжетімді контентті бақылауға мүмкіндік беретін баптаулар кешені. Құпиялылық параметрлерімен бірге, аталған құралдар балаларды онлайн-груминг, киберқақтыру, зорлық-зомбылық, жеке деректерді пайдалану, интернет-порнографияға қол жеткізу, интернет-беделін бұзу және басқа да ықтимал тәуекелдер сияқты тиімсіз контент пен тәуекелдерден қорғауға ықпал етеді.

🛡Ата-ана бақылауының параметрлері онлайн қауіпсіздіктің бір бөлігі ғана екенін есте ұстаған жөн. Кез келген сұрақтардан хабардар болу үшін балалармен олардың онлайн өмірі туралы үнемі әңгімелесу маңызды.

📊Статистикалық деректерге сүйенетін болсақ, ата-аналардың 17,6%-ы ғана тыйым салынған материалдарды бұғаттау, зиянды және заңсыз контентті интернеттен сүзу құралдарын орнатқан («ата-ана бақылауы» пайдаланылады).

✔️ Комитет онлайн-кеңістікте балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тиімді құралдарды пайдалануда ата-аналарды, педагогтарды және АКТ мамандарын оқытуға және қолдауға өз күш-жігерін жұмсайды.

▶️ Сондай-ақ, ата-аналарды PLAY MARKET және APP STORE қосымшалары арқылы қолжетімді ата-ана бақылауының қосымшаларын пайдалануға, қосылуға шақырады.
#Kurmtarbie_2024
#біртұтас_тарбие_atyrau
#atyrau_tarbie

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *