Skip to content

Ата-аналарға кеңес

Пайдалы кеңестер

 Ата-аналарға кеңес

  • Балаларыңызды жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретініңізді сездіріңіз.
  • Қателескені үшін баланы  кекетіп, бетінен алмаңыз, басқа балалармен оны салыстырмаңыз.
  • Баланың сұрақтарына жауап берген кезде  шын және шыдамдылықпен  жауап  беріңіз.
  • Күнде балаңызбен  жеке  сөйлесуге уақыт  бөліңіз.
  • Жас  мөлшері ә ртүрлі  адамдармен  дұрыс қарым-қатынас жасауға үйретіңіз.
  • Баланың  әрбір  жетістігі үшін мақтап отырыңыз.
  • Балаға баға бермеңіз, оның іс-әрекетін бағалаңыз.
  • Табысқа күшпен  жетуге болмайды, сондықтан балаңызға күш  көрсетіп, тапсырманы орында деп талап етпеңіз.
  • Баланың қателік жіберуге құқығы бар екенін айтыңыз.
  • Үлкендер балаға қалай қараса, бала да өзіне солай қарайды.
  • Жалпы, өзіңізді баланың орнына қойып отырыңыз.

АТА-АНАҒА КЕҢЕС

  • Егер баланы үнемі сынап отырса, оның оқуға құлқы болмайды.
  • Баланы мадақтап отырса, ол өз қадірі үшін оқиды.
  • Баланы қолдап отырса, ол өз бағасы үшін оқиды.
  • Бала төзімділікте өссе, ол басқаларды түсінумен өседі.
  • Бала адалдықта өссе, адал болып жетеді.
  • Бала қауіпсіз жағдайда өссе, айналасына сеніммен қарайды. 
  • Бала кекшілдікте өссе,  қатыгез болады.
  • Бала түсіністік пен сүйіспеншілікте өссе,  ол  барлығынан махаббат табуды біледі.

 Егер Сіз тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болсаңыз, не істеу керек?

        Тұрмыстық зорлық-зомбылық – ол отбасы мүшесінің басқа отбасы мүшесіне, сонымен қатар, үй, пәтерде бірге  тұрып жатқан адамға, немесе бөлек тұрып жатқан бұрынғы күйеуі не әйеліне көрсетілетін зорлық-зомбылық. «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу туралы» Заңға сәйкес зорлық-зомбылық физикалық, психологиялық, жыныстық және  экономикалық болып бөлінеді.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық – мемлекеттің даму деңгейі мен мәдени хал-ахуалына қарамастан, әлемнің барлық елдерінде кездесетін мәселе. Қазақстанда да осындай мәселе орын алған. Жыл сайын елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты, тіпті өлтіру бойынша он мыңдаған оқиғалар тіркеледі.

         Егер сіз тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болсаңыз, немесе ондай қауіп басыңызға төніп тұрғанын сезсеңіз, онда құқық қорғау органдарының көмегіне жүгініңіз.

Қолданыстағы заңдар арқасында тұрмыстық зорлық-зомбылықты алғашқы кезеңінде, тіпті қол жұмсау әрекетінің алдын-алуға болады. 

Заң бұзушылықтардың негізгі жағдайларын жинақтап, сіздің және полиция әрекетін көрсетуге тырысайық:

Бірінші жағдай. Адам сізге байланысты әкімшілік заң бұзушылық пен қылмыс жасаған жоқ. Алайда өзінің әрекеттерін сіздің еркіңізге қарсы жүзеге асырады, сол арқылы өміріңізді қиындатады – сіздің рұқсатыңсыз жұмысыңызға келеді, жиі телефон арқылы хабарласып, мазаңызды алады, егер бөлек тұрсаңыз, қорқытып, соныңыздан жүріп, психологиялық әсер етеді және т.б.

        Егер осылай болса, онда сіз полиция органдарының көмегіне жүгінуге құқылысыз. Оұқыңы  органдарының көмегіне жүгіне аласыз. 

Осындай жағдайда полицейлер құқық бұзушымен профилактикалық әңгіме жүргізеді. 

        Егер бұл жеткіліксіз болса, онда ол адамды полицияға жеткізіп, оған қорғалу туралы нұсқама жазылады. Ол не? Қорғалу туралы нұсқаманың арқасында оған тұрмыстық зорлық-зомбылық жасауға, жәбірленушінің еркіне қарсы оны іздеуге, соңына түсуге, келуге, ауызша және телефон арқылы әңгімені жүргізуге, басқа да амалдарды қолданып байланыс жасауға тыйым салынады. Қорғалу нұсқамасының 10 күндік мерзімі бар. Мерзімі біткеннен кейін, сіздің шағымыңызға сәйкес, прокуратура оны 30 тәулікке дейін ұзарта алады. Осы шараларды полицейлер өздері жасайды. Сізден тек өтініш қана талап етіледі. 

       Қорғалу нұсқамасын бұзғаны үшін адам әкімшілік жауапкершілікке тартылады (әкімшілік айыппұл, сот тарапынан заң бұзушы тәртібіне негізгі талаптар қою – оны іздеу, соңына түсу, жәбірленушіге келу, онымен ауызша және телефон арқылы әңгімелерді жүргізуге, басқа амалдарды қолданып, байланысқа түсуге, суық қаруды алу, оны сақтауға, өзімен бірге алып жүру мен қолдануға тыйым салынған). Мұндай тыйым бір жылдық мерзімге белгіленуі мүмкін.

Екінші жағдай. Жәбірлеуші әкімшілік құқық бұзушылық жасады.  Ол күш көрсету, балағат сөздер айту, қорлау, кемсіту, үй шаруашылығындағы құралдарға зақым келтіру, басқа да азаматтарды, бірге отбасылық-тұрмыстық жағдайда өмір сүріп келе жатқан адамдарды сыйламау, қылмыстық жазалаушы әрекеттерін көрсетпей, белгілі бір пәтер не үй тұрғындарын мазалау арқылы көрініс табады.

        Сіздің полицияға шағымыңыздан кейін, құқық бұзушы ішкі істер органдарына жеткізіледі, онда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалады. Егер сізге қауіп төніп тұрса, онда жәбірлеушіге қорғалу туралы нұсқама ұсынылады, оның жеткіліксіз негізін ескере отырып, жәбірленуші қауіпсіздігі үшін құқық бұзушы 48 сағатқа қамауға алынады (оны толықтай оқшаулау). Одан кейін оған әкімшілік жаза қолданылады (әкімшілік айыппұл,  әкімшілік қамау, құқық бұзушы тәртібіне негізгі талаптар қою).

Үшінші жағдай. Жәбірлеуші қылмыс жасады. Яғни, дене жарақаттарын жасау, ұрып-соғу басқа да жәбірлеу әрекеттерін жасау арқылы физикалық және психологиялық қорлық жасау.

Бұл жағдайда, сіздің полицияға шағымыңыздан кейін, қылмыстық іс қозғалу керек. Заңға сәйкес күдіктіні 72 сағатқа қамауға алады. Жәбірленушінің қауіпсіздігі үшін күдіктіге бұлтартпау шарасы қолданылады  (жол жүрмеу және тәртібі туралы қолхат, қамау, т.б.), ал егер қажет болса, қылмыс үдерісіне қатысқан тұлға қауіпсіздігі бойынша іс жүргізу шаралары қолданылады. Жазықты деп танылған тұлғаға сот шешімімен жаза қолданылады.

      Егер жәбірленушіге қауіп төніп тұрса, ал қылмыстық жаза қолдану үшін біраз уақыт керек болса, онда ішкі істер органдары тарапынан қорғалу туралы нұсқама беріледі.

Төртінші жағдай. Азаматтық сот өндірісі шеңберінде жәбірленуші өз күшімен жәбірлеуші әрекеттерін тыюға тырысады. Ол нені білдіреді? Егер отбасы мүшесі сізге байланысты тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсететін болса, онда сіз тікелей сотқа шағымдану арқылы оның сізге деген әрекеттерін тыя аласыз.

       Есіңізге сала кетейік, әр тұлға (жәбірленуші, тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған тұлға, отбасылық-тұрмыстық қатынастағы басқа адамдар, сонымен қатар, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алатын адамдар) жоғары мемлекеттік орган (қызметтік тұлға), прокуратура органдары мен сотқа бекітілген заңнамаға сәйкес жоғарыда аталған шаралар туралы шешім бойынша шағымдана алады.

     Маңызды! Егер сіз тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болсаңыз, қиын өмірлік жағдайда өмір сүріп жатқан адам ретінде жергілікті атқарушы органға жазбаша шағымдана аласыз (әкімдік), арнайы әлеуметтік қызметтер (ақпараттық, құқықтық, психологиялық және т.б) ала аласыз. Бұл туралы толығырақ жергілікті еңбекпен қамту және тұрғындарды әлеуметтік қорғау бойынша мемлекеттік органнан біле аласыз.

     Білген жөн:

1) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-іс жүргізу кодексі (144 бап);

2) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі (86-1және 355-1 баптары);

3) «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

4) «Құқық бұзушылықтың профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

8) «Казахстанская правда» газетінің 2010 жылғы 5 мамырында жарық көрген нөміріндегі «Тұрмыстық зорлық-зомбылық – жеке бастың мәселесі емес» мақаласы – www.kazpravda.kz/c/1273028497/2010-05-05.

АТА–АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҰСЫНЫСТАР

 Озбырлы баламен өзіңді қалай ұстау керек?

  • Тыйым салу , зеку жағдайды күшейтеді.
  • Жазалау қылыққа сай болу керек.
  • өздеріңіз баланың көзінше озбырлықты көрсетпей, озбырлы тәрбие әдістерін қолданбаңыз.
  • Жиі байланысты, мейірімді сөздерді қолданыңыз.
  • Бірденені талап еткенде, баланың шамасын ескеріңіз.
  • Жанжалды болдырмай, бала қызығушылығын керек бағытқа сілтеңіз.
  • Балаға оны жақсыкөрөтіндігіңізді сездіріңіз.
  • Шыдамды болыңыз.
  • озбырлыққа таңқалу әрекетін қолданыңыз.

 Жанжалды баламен өзіңді қалай ұстау керек?

  • Баланың көзінше басқа ересек адамдармен ұрыспаңыз.
  • Кейде балалар арасындағы ұрысқа кіріскенше, ұрысқандардың тәртібін бақылаған жөн
  • Келелі тәртіпті баланың көзінше талқыламаңыз.
  • Назар әр балаға қажет екендігін ұмытпаңыз.
  • Өз үлгіңізбен жанжалды конструктивті әдістермен шешу мысалын көрсетіңіз.

Үрейлі баламен өзіңді қалай ұстау керек?

  • Үрейдің себебін анықтаңыз.
  • Белгілерді қолданбаңыз, өйткені бала барлық нәрселерде жаман бола бермейді.
  • Мүмкін еместі талап етпеңіз. Сіздің кәбілеттілігіңіз балаңыздың қабілеттілігінен өзгеше.
  • Өзіңіздің жағымсыз сезіміңізді балаңызға аудармаңыз.
  • Шыдамды болыңыз..Қазіргі мен болашағыңыздың сәттігі өзіңізге байланысты!
  • Қажет болса, мамандарға хабарласыңыз.