Skip to content

Бос орынға жәрмеңке

Бос орынға жәрмеңке
Бос лауазымға тағайындау үшін конкурс жарияланады.
Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрманғазы ауданы Білім бөлімінің «Фариза Оңғарсынова атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2025-2026 оқу жылының қараша айынан бастап бoc және уақытша бос лауазымға темендегі бірлік бойынша конкурс жариялайды.
конкурс темендегідей лауазым бойынша өткізіледі:
1.Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары -1 бірлік (тұрақты)
жалақысы-190000

Негізгі функционалдық міндеттері:
-оқу-тәрбие процесін, білім беру ұйымының қызметін ағымдағы жоспарлауды ұйымдастырады;
-оқу-тәрбие процесінің, ғылыми-әдістемелік және әлеуметтік-психологиялық қамтамасыз етудің жай-күйін талдайды;
-мемлекеттік стандарттың, оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуы, сондай-ақ құжаттаманың әзірленуі бойынша педагогтердің жұмысын үйлестіреді;
– педагогтердің қысқа мерзімді жоспарларын тексереді;
– мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты шеңберінде білім беру процесінің сапасын және білімді игеру нәтижелерін бағалаудың объективтілігін бақылауды жүзеге асырады;

  • ағымдағы және қорытынды аттестаттауды өткізуді ұйымдастыру бойынша жұмысты жүзеге асырады;
  • білім беру процесіне жаңа тәсілдерді, тиімді технологияларды енгізуді қамтамасыз етеді.
    • қашықтықтан оқытуды өткізу процесін ұйымдастырады, барлық сыныптар үшін Қашықтықтан оқытудың оқу бағдарламасын және сабақ кестесін түзетеді.
  • пәндер бойынша мектепішілік бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады, білім бөлімін жүргізеді, мектепішілік бақылау, БЖБ және ТЖБ қорытындысы бойынша білім сапасын талдайды.
  • пәндер бойынша білімді тақырыптық бақылауды қамтамасыз етеді;
  • білім алушылардың оқу жүктемесіне бақылауды жүзеге асырады, оқу сабақтарының, курстардың және оқу жұмыс жоспарының вариативтік компонентінің сабақтарының кестесін жасайды;
  • білім алушылар мен педагогтердің олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысуын ұйымдастырады;
  • ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмысын үйлестіреді;
  • білім беру ұйымының пәндік әдістемелік бірлестіктері мен эксперименттік жұмысын үйлестіруді жүзеге асырады, ғылыми-әдістемелік және әлеуметтік-психологиялық жұмысты және оны талдауды қамтамасыз етеді;
  • педагогтердің тиімді тәжірибесін тарату бойынша шараларды жинақтайды және қабылдайды;
  • тәлімгерлік, біліктілікті арттыру және біліктілік санаттарын беру (растау) жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
  • оқу зертханалары мен кабинеттерін қазіргі заманғы жабдықтармен, көрнекі құралдармен және оқытудың техникалық құралдарымен жарақтандыру бойынша жұмысты жоспарлайды және ұсыныс енгізеді, пән мұғалімдерімен бірлесіп баламалы оқулықтарды таңдауды жүзеге асырады, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді, оның ішінде электрондық оқулықтар мен цифрлық ресурстарды сатып алуға, әдістемелік кабинеттер мен кітапханаларды оқу-әдістемелік және көркем әдебиеттермен толықтыруға өтінім ұйымдастырады;
  • оқу-тәрбие процесінде пайдаланылатын жабдықтардың, аспаптардың, техникалық және көрнекі құралдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
  • белгіленген есептік құжаттаманы сапалы және уақтылы жасауды қамтамасыз етеді және кері байланысты ұсына отырып, педагогтердің сабақтарын талдайды;
  • оқу процесін жетілдіру бойынша әдістемелік сағаттар, оқыту семинарлары, тренингтер өткізеді;
  • педагогикалық кеңестердің күн тәртібі мен материалдарын дайындайды;
  • білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
    -Мемлекеттік жалпыга міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқытатын пән ерекшелігін ескере отырып, оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады;
    -Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін ашуға және дамытуға, тұлғаның әлеметтенуі мен жалпы мәдениетін қалыптастыруга ықпал етеді;
    -қысқа мерзімді сабақ жоспарын құрастырады;
    Талап етілетін біліктілік: жоғары педагогикалық мамандық конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау, конкурс өткізу туралы
    хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
    Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
жеке басын куаландыратын құжат не цифрлыц кұжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
кадрларды eceпкe алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген — бар болса);
Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымга қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы кұжаттардың көшірмелері;
еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының
нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ- 175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялык ұйымнан анықтама,;
8)наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордан төмен емес біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) ағылшын тілі педагогтер лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша шекті деңгейі кемінде 90% сертификаттау нәтижелер туралы сертификаты немесе педагог- модератордың немесе педагог-сарапшының немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
11) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтың бос немесе уақытша бос лауазымына кандидиттың толтырылған бағалау парағы;
12) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы -720*480.

  1. Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орынының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
    Осы Қағидалардың 118-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.
    Конкурсқа қатысу үшін: конкурстың комиссиясының қарауына құжаттар Атырау облысы Құрманғазы ауданы Бөкейхан ауылы, Т.Салықбаев кешесі 6 үй. Көрсетілген мекен жай бойынша құжаттар электрондық немесе кағаз түрінде
    қабылданады. Анықтама алу үшін осы телефондарга хабарласуға болады.
    Байланыс телефоны: 8(71233) 61518
    Электрондық пошта: ongarsynova@mail.kz
    Конкурска қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан соңғы күннен бастап 7 жұмыс күн ішінде жүргізіледі.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *