Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Фариза Оңғарсынова атындағы жалпы орта мектебіне
Бос орынға жәрмеңке
Бос лауазымға тағайындау үшін конкурс жарияланады.
Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрманғазы ауданы Білім бөлімінің «Фариза Оңғарсынова атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2025-2026 оқу жылының қараша айынан бастап бoc және уақытша бос лауазымға темендегі бірлік бойынша конкурс жариялайды.
конкурс темендегідей лауазым бойынша өткізіледі:
1.Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары -0,5 бірлік (уақытша)
Жалақысы – 100000
- Кәсіптік бағдар педагогы – 0,5 бірлік (уақытша)
жалақысы-74000
тәрбие орынбасарының негізгі функционалдық міндеттері:
– тәрбие процесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
– тәрбие жұмысын ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады;
– аға тәлімгерлердің, ұзартылған күн топтары тәрбиешілерінің, сынып жетекшілерінің, педагог-психологтардың, әлеуметтік педагогтардың және қосымша білім беру педагогтерінің қызметін жоспарлауды және бақылауды жүзеге асырады;
– тәрбие жұмысы, мәдени-тәрбие іс-шараларын дайындау және өткізу бойынша құжаттаманы әзірлеуді қамтамасыз етеді;
– тәрбие процесінің мазмұны мен өткізілу сапасына жүйелі бақылауды жүзеге асырады;
– педагогтарды іріктеуге қатысады, кәсіби даму, педагогтердің біліктілігін және кәсіби құзыреттілігін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастырады;
– тәрбие процесін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдары әкімшілігінің, әлеуметтік – психологиялық қызметтері мен бөлімшелерінің жұртшылық және құқық қорғау органдарының өкілдерімен, ата-аналар қоғамдастығының, қамқоршылық кеңестің өкілдерімен өзара іс-қимылын үйлестіреді;
– білім беру процесінің барлық қатысушыларының толерантты мінез-құлық мәдениетін қамтамасыз етеді;
- психологиялық қызметтің жұмысын және білім алушылар мен тәрбиеленушілерді, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу процесін үйлестіреді;
- мектеп-ата-ана қатынастарының жаңа нысандарын, мектеп пен отбасының толық өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;
- білім алушыларға медициналық қызмет көрсету жағдайын бақылауды жүзеге асырады;
- тәрбиелік іс-шараларды өткізеді, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады;
- киберкультураны (компьютерлік технологиялар мүмкіндіктерін пайдаланады) және кибергигиенаны дамытады (интернет желісінде жұмыс істеу дағдылары мен білімі бар);
- білім алушылардың, педагогтердің конкурстарға, слеттерге, конференцияларға қатысуын қамтамасыз етеді;
- кәсіптік бағыт беру жұмыстарын жүргізеді;
- есептік құжаттаманың сапалы және уақтылы тапсырылуын қамтамасыз етеді;
- ата-аналар үшін педагогикалық консилиумдар ұйымдастырады және өткізеді;;
- мектеп парламентінің, дебат қозғалысының, оқушылардың өзін-өзі басқаруының, “Жас қыран”, “Жас ұлан” балалар ұйымдарының жұмыстарын ұйымдастырады;
- “Қоғамға қызмет ету”, “Отанға тағзым”, “Үлкендерге құрмет”, “Анаға құрмет” қоғамдық-пайдалы жұмыстарын ұйымдастырады.;
- білім беру ұйымдары түлектерінің қауымдастығын құру және қызметін қамтамасыз ету бойынша жұмысты үйлестіреді;
- педагогикалық еңбек ардагерлерімен өзара іс-қимыл жасайды;
- білім беру ұйымы мұражайының жұмысын ұйымдастырады;
- туристік жорықтар мен экскурсиялар ұйымдастырады;
- білім алушылардың бойында патриоттық тәрбие, іскерлік қарым-қатынас дағдыларын, тамақтану мәдениетін қалыптастыруды қамтамасыз етеді;
- білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
Кәсіптік бағдар педагогының негізгі функционалдық міндеті:
мектепте кәсіптік бағдарлау жұмысын ұйымдастырады, кәсіптік бағдарлау жұмысына ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылықты қамтамасыз етеді;
оқушылардың кәсібін саналы түрде таңдауға бағытталған қызметті жүзеге асырады;
білім алушыларға, тәрбиеленушілерге, оқушылардың ата-аналарына немесе оларды ауыстыратын тұлғаларға, педагогикалық ұжымға Мамандық таңдау бойынша шешім қабылдауда көмек көрсетеді;
қызығушылықтарын анықтау бойынша диагностика жүргізеді, кәсіби бағдарлы диагностиканы талдайды;
ерекше білім беру қажеттіліктері бар дарынды білім алушыларды, тәрбиеленушілерді психологиялық қолдауды жүзеге асырады, олардың дамуына жәрдемдеседі;
кәсіпорындарда экскурсиялар өткізеді, әртүрлі мамандықтағы қызықты адамдармен оқушылар үшін кездесулер (әңгімелесулер) ұйымдастырады;
кәсіби құзыреттілікті арттырады, заманауи әдістер мен технологияларды қолданады;
белгіленген нысан бойынша құжаттаманы жүргізеді;
балалардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды.
Талап етілетін біліктілік: жоғары педагогикалық мамандық конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау, конкурс өткізу туралы
хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
жеке басын куаландыратын құжат не цифрлыц кұжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
кадрларды eceпкe алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген — бар болса);
Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымга қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы кұжаттардың көшірмелері;
еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының
нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ- 175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялык ұйымнан анықтама,;
8)наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордан төмен емес біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) ағылшын тілі педагогтер лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша шекті деңгейі кемінде 90% сертификаттау нәтижелер туралы сертификаты немесе педагог- модератордың немесе педагог-сарапшының немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
11) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтың бос немесе уақытша бос лауазымына кандидиттың толтырылған бағалау парағы;
12) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы -720*480.
- Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орынының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Осы Қағидалардың 118-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысу үшін: конкурстың комиссиясының қарауына құжаттар Атырау облысы Құрманғазы ауданы Бөкейхан ауылы, Т.Салықбаев кешесі 6 үй. Көрсетілген мекен жай бойынша құжаттар электрондық немесе кағаз түрінде
қабылданады. Анықтама алу үшін осы телефондарга хабарласуға болады.
Байланыс телефоны: 8(71233) 61518
Электрондық пошта: ongarsynova@mail.kz
Конкурска қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан соңғы күннен бастап 7 жұмыс күн ішінде жүргізіледі.