Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Фариза Оңғарсынова атындағы жалпы орта мектебіне
Бос орынға жәрмеңке
Бос лауазымға тағайындау үшін конкурс жарияланады.
Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрманғазы ауданы Білім бөлімінің «Фариза Оңғарсынова атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2025-2026 оқу жылының тамыз айының 18-нен бастап бoc және уақытша бос лауазымға темендегі бірлік бойынша конкурс жариялайды.
конкурс темендегідей лауазым бойынша өткізіледі:
1.Мектеп психологы -0,5 бірлік (тұрақты)
Жалақысы – 79000
Мектеп психолгының негізгі функционалдық міндеттері:
оқушылар мен тәрбиеленушілердің психологиялық әл-ауқатын қамтамасыз етуге және қалыпқа келтіруге, олардың әртүрлі өмірлік жағдайларда әлеуметтік-психологиялық бейімделу қабілетін дамытуға, оның ішінде девиантты мінез-құлыққа байланысты мәселелерінде көмек көрсетуге бағытталған қызметті жүзеге асырады;
білім алушылар мен тәрбиеленушілерге бейінді және кәсіби өзін-өзі анықтауда көмек көрсетеді;
білім беру ортасы жағдайында педагогтердің, ата-аналардың және өзге де заңды өкілдердің психологиялық-педагогикалық мәдениетін қалыптастырады және білім беру процесіне қатысушылар арасында толеранттылықты қалыптастыруға ықпал етеді;
инклюзивтілік қағидатын іске асыруға жәрдемдеседі және білім беру процесіне қатысушылардың барлығының мінез-құлқының толерантты мәдениетін қамтамасыз етеді;
білім алушылар мен тәрбиеленушілердің аутодеструктивті және девиантты мінез-құлықтың алдын алу бойынша жұмыс жүргізеді;
білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жай-күйіне психологиялық-педагогикалық диагностика жүргізеді, психологиялық көмек көрсету үшін психологиялық-педагогикалық қорытынды мен ұсынымдар жасайды;
білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалауға қатысады және білім алушылардың жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып дамыту бағдарламаларын әзірлейді;
әртүрлі психологиялық проблемалары бар балаларға, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға консультациялар, жеке, кіші топтық және топтық дамыту сабақтары түрінде психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді;
дарынды білім алушыларға психологиялық қолдауды жүзеге асырады;
білім беру іс-әрекетіндегі қиындықтарға байланысты психологиялық проблемаларды шешуде білім алушыларға, тәрбиеленушілерге, педагогтерге, ата-аналарға немесе өзге де заңды өкілдерге консультациялық көмек және психологиялық қолдау көрсетеді;
педагогикалық ұжымға, сондай-ақ білім алушылардың және тәрбиеленушілердің жеке және әлеуметтік даму мәселелері бойынша ата-аналарға немесе өзге де заңды өкілдерге ұсынымдар әзірлеу мақсатында ұйымдастырушылық-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыс жүргізеді;
белгіленген нысан бойынша құжаттаманы жүргізеді, педагогикалық, әдістемелік кеңестердің жұмысына, ата-аналар жиналыстарын, тәрбиелеу және білім беру ұйымының жұмыс жоспарында көзделген басқа да іс-шараларды өткізу жөніндегі жұмысқа қатысады;
педагогика, психология және психотерапия бағыттары бойынша кәсіби құзыреттілікті үздіксіз арттырады, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу әдістері мен технологияларын қолданады;
Баланың құқықтарын қорғау жөніндегі конвенцияға және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жеке адамның құқықтарын қорғауға жәрдемдеседі;
білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу-танымдық іс-әрекетіндегі қиындықтарды жеңу бойынша ұсынымдар әзірлеуді жүзеге асырады;
кәсіби қызмет барысында білім беру қызметінің психологиялық-педагогикалық принциптерін басшылыққа алады;
білім алушылардың жас ерекшеліктерін және келіп түсетін сұраныстарды ескере отырып, диагностика жүргізу үшін жол берілетін әдістер мен әдістемелерді айқындайды;
жалпы білім беру бағдарламаларын игерудегі психологиялық, әлеуметтік немесе физиологиялық қиындықтардың себептерін саралайды;
білім алушы мен тәрбиеленушінің жеке басының ерекшеліктеріне психологиялық зерттеу жүргізеді, психоэмоционалды жай-күйін және оны тұрақтандыру мүмкіндіктерін талдайды;
жеке немесе топтық түзету, дамыту және мотивациялық сабақтар немесе тренингтер өткізеді;
білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу-танымдық қызметі мен әлеуметтенуіндегі өзгерістер динамикасының мониторингіне қатысады;
білім алушы мен тәрбиеленушінің оқу-танымдық қызметіндегі және әлеуметтенуіндегі қиындықтарды еңсеру бойынша білім беру ұйымының өз ішінде және одан тыс тиісті бейіндегі мамандармен өзара іс-қимыл жасайды.
Талап етілетін біліктілік: жоғары педагогикалық мамандық конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау, конкурс өткізу туралы
хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
жеке басын куаландыратын құжат не цифрлыц кұжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
кадрларды eceпкe алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген — бар болса);
Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымга қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы кұжаттардың көшірмелері;
еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының
нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ- 175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялык ұйымнан анықтама,;
8)наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордан төмен емес біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) ағылшын тілі педагогтер лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша шекті деңгейі кемінде 90% сертификаттау нәтижелер туралы сертификаты немесе педагог- модератордың немесе педагог-сарапшының немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
11) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтың бос немесе уақытша бос лауазымына кандидиттың толтырылған бағалау парағы;
12) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы -720*480.
- Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орынының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Осы Қағидалардың 118-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысу үшін: конкурстың комиссиясының қарауына құжаттар Атырау облысы Құрманғазы ауданы Бөкейхан ауылы, Т.Салықбаев кешесі 6 үй. Көрсетілген мекен жай бойынша құжаттар электрондық немесе кағаз түрінде
қабылданады. Анықтама алу үшін осы телефондарга хабарласуға болады.
Байланыс телефоны: 8(71233) 61518
Электрондық пошта: ongarsynova@mail.kz
Конкурска қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан соңғы күннен бастап 7 жұмыс күн ішінде жүргізіледі.