Бүгін мектеп жанынан құрылған "Балдырған" жазғы тынығу лагерінің ашылу салтанаты өтті.
Лагерь жыл сайын көпбалалы отбасылардан, аз қамтылған және толық емес отбасылардан шыққан балаларға арнап жұмыс істеп келеді.
Жоспар бойынша биылғы жылы лагерьге 70 бала қамтылып отыр.
Шараға мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектеп психологтары қатысты.
Аталмыш шараның келесі кезегі балалар мен тәрбиешілердің ұйымдастыруымен дайындалған концертпен өз жалғасын тапты.
#ЛАГЕРЬ_2025
#ЖАЗДЫ_ҚУАНЫШҚА_ТОЛТЫРАЙЫҚ
#kurm_біртұтас
#atyrau_тәрбие
#біртұтас_тәрбие