Skip to content

🌸 Ерте жүктіліктің алдын алу бойынша қыз балалар мен аналарының…

🌸 Ерте жүктіліктің алдын алу бойынша қыз балалар мен аналарының біріккен жиналысы өтті 🌸
♦️ 25 қараша күні мектепте 7-11 сынып қыздары арасында «Ерте жүктіліктің алдын алу – ортақ міндет» тақырыбында маңызы зор жиналыс өтті.
Жиналыстың мақсаты – қыздарға ерте жүктіліктің салдары, оның денсаулыққа, білімге және болашаққа әсері туралы түсінік беру, жауапкершілік сезімін күшейту және өзін-өзі қорғау мәдениетін қалыптастыру болды.
♦️ Іс-шара барысында қыздарға ерте жүктіліктің әлеуметтік және психологиялық зардаптары жөнінде кеңес берілді.
👩‍⚕️ Мектеп мейірбикелері Г.Тлеугалиева, А.Камалова ерте жүктіліктің салдары, оның денсаулыққа зияны туралы мағлұмат берді. Бөкейхан ауылдық округінің емхана дәрігері Т.Мурзагалиев ашық әңгіме жүргізіп, өмірлік маңызы бар сұрақтарға жан-жақты жауап берді.
Жиналысқа сондай-ақ:
Мектеп директоры Ж.Абдигалиева
✨ Тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Д.Хасанова, А.Бегалиева
Мектеп инспекторы Да.Қаратаева
✨ Мектеп психологы Б.Сатыбаева
✨ Әлеуметтік педагог А.Утебаева қатысты.
♦️ Қорытынды бөлімде қыздарға өз денсаулығына ұқыпты қарау, дұрыс шешім қабылдау және саналы, белсенді азамат болып қалыптасу жөнінде маңызды кеңестер берілді.
#біртұтас_тәрбие
#қыздаржиналысы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *