Ф.Оңғарсынова атындағы жалпы орта мектебінде ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмыс жоспарына сәйкесті 5-8 сынып ата -аналары арасында "Ақыл айтпа-жол көрсет!" тақырыбында тренинг ұйымдастырылды. Мақсаты: Ата-ананың бала тәрбиесіне ерекше назар аударуы, баланы тәрбиелеуде ақыл-кеңес айту, дұрыс жолға бағыттау. Ата-ана мен бала арасында сенімді, сыйластықты нығайту. Тренинг "Менің балам", "Бақытты үй", "Кедергілерді жеңу", "Агрессияны тежеу" тапсырмаларынан тұрды. Ата-аналар өз ойларын еркін айтып, пікірлерімен бөлісті. Қызықты тапсырмалар беріп, көтеріңкі көңіл-күйде, белсене қатысты.
#біртұтас_тәрбие
#kurm_біртұтас_тәрбие
