Ф.Оңғарсынова атындағы жалпы орта мектебінде “Іске сәт, Жас маман!” тақырыбында апталық өтті. Апталықтың мақсаты :жас ұстаздардың біліктілігін,шеберлігін өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бағыттау ,жас мамандарды ұжымдық ортаға бейімдеу. Жас мамандардан құрылған “Ізденіс” командасы мектеп ұстаздарымен бірлесе дебат,шоу,интеллектуалды ойын,тимбилдинг ұйымдастырып, сабақ барысында қолданануға болатын лайфхактар көрсетті.Апталық барысында мектептің “Үздік жас маман-2023” байқауы өтіп,жылдың үздік маманы анықталды. Жас мамандар мектебінің жетекшісі А.А.Дюсенова жетекшілік жасаған жас мамандар командасының ұйымдастырған апталық жоғары деңгейде өтті.
