Ф.Оңғарсынова атындағы жалпы орта мектебінде оқу-әдістемелік жоспарға сәйкесті педагог қызметкерлердің әдістемелік, ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметін жетілдіру, педагогтың кәсіби дамуын ұйымдастыру, озық педагогикалық тәжірибені анықтау, цифрлық платформаларды тиімді қолдану мақсатында 11 ақпан күні “Қазіргі білім берудегі жасанды интеллекттің рөлі: мүмкіндіктері, бүгіні мен болашағы” тақырыбында мектепішілік педагогикалық оқулар байқауы өткізілді. Оған педагогикалық оқудың секциялық бағыттары бойынша 9 мұғалім қатысып, өз жұмыстарын қорғады. Жүлделі орын алған мұғалімдер аудандық кезеңге жолдама алды. Әріптестерге сәттілік тілейміз!
Ф.Оңғарсынова атындағы жалпы орта мектебінде оқу-әдістемелік жоспарға сәйкесті педагог қызметкерлердің…
