Skip to content

Ф.Оңғарсынова орта мектебінде Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің «Жырлайды…

Ф.Оңғарсынова орта мектебінде Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің «Жырлайды жүрек» жобасы аясында «Поэзия падишасы», Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қоғам қайраткері,ақын,жазушы Фариза Оңғарсынованың 85 жылдығына орай «Жырым қалсын жанымның ұшқынындай…» атты шара өтті. Оқушыларға поэзияны оқыту, сол оқыған шығармасындағы мазмұндық сипатты білуге үйрету, оқушылардың өз бетінше ізденіп, лирикалық шығарманы, жыр оқу мақамдарын, шығармашылық, ізденіс қасиеттерін қалыптастыру мақатында 3 бағыт бойынша- «Жыр-менің планетам»» ақын өлеңдерін жатқа оқу,«Өлең,мен сені аялап өтем» әндер байқауы, шығармалары бойынша иллюстрациялық сурет салу байқау ұйымдастырылды. Шара «Қыз-ғұмыр» биімен, «Ана үміті» көрінісімен ашылып,5-11-сынып оқушылары «Нарын», «Туғандай дүниенің нұр шақтары», «Анама», «Қазақтың батырлары» тағы басқа рухты өлеңдерін мәнерлеп оқып, «Фариза-жыр биік», «Сағындым», «Айша бибі» әндерін орындап,арнау өлеңдерін оқыды.Ақын шығармашылығына арналған байқау нәтижесінде үздік деп танылған оқушылар жүлделі орындармен марапатталды. «Жырлайды жүрек» жобасы аясында «Қадыр оқуларына», «Іші- алтын,сырты -күміс» шешендік сөздер сайысына,жобадағы шығармашылық жұмыстарға қатысуда белсенділік танытқан оқушыларға да Алғыс хаттар табысталды.Нәтижесінде, «Сөз түзелді,тыңдаушы,сен де түзел» дегендей, өлең сүйер,жаны поэзияға,көркем сөзге,ақындыққа,сөз өнеріне жақын, тіл құндылығын құрметтейтін, шығармашылыққа бейім оқушылар қатары көбейді.Құндылықтарды дәріптеген шығармашылық жұмыстар жалғасын таба бермек.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *