"Халықаралық туризм күніне" орай және Құрманғазы аудандық жас туристер бекетінің жылдық жұмыс жоспары бойынша, білім беру қызметкерлері арасында өткізілген туристік слетіне мектебіміздің жастар командасы қатысып, "Туристік техника жарысы" номинациясы бойынша жүлделі 2 орынмен, "Карта арқылы обьектіні табу" номинациясы бойынша жүлделі 2 орынмен және команда мүшелері белсенділік танытып Алғыс хатпен марапатталды. Жетекшілері Э.Ниязов пен Н.Ертаев команда мүшелерінің жеңіске жетуіне бағыт-бағдар беріп, жоғарғы деңгейде ұйымдастыра білді.
