«Қоңыр жырым бар еді…» танымдық жыр сағаты
Жұмекен Нәжімеденов 1935 жылы Атырау облысы, Құрманғазы ауданында дүниеге келген.Лирикалық, философиялық өлеңдердің, поэмалардың, прозалық шығармалардың авторы. Сондай-ақ композитор ретінде бірнеше музыкалық туындылар қалдырған. Ақын Жұмекен Нәжімеденовтың 90 жылдығына орай мектеп кітапханасында танымдық жыр сағаты өтті. Шара барысында қатысушыларға ақынның өмір жолы, шығармашылық мұрасы, ел тәуелсіздігі жолындағы еңбегі таныстырылды. Арнайы ұйымдастырылған «Қоңыр жырдың иесі Жұмекен» атты кітап көрмесіне шолу жүргізілді. «Менің Қазақстаным» әнұранының авторы, поэзия мен прозаны қатар алып жүрген қаламгердің сан қырлы таланты паш етілді.
Танымдық сағат жастарға рухани тәрбие беріп, отансүйгіштік сезімдерін оятты. Өткізген кітапханашы Г.Бисембаева, музыка пәні мұғалімі Т.Ниязова.
#Жұмекен90жас







